Каспийде батып кеткен кемелерді жоюдың бірыңғай ережелері бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында «Суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау туралы» заңы қабылданды.
Конвенцияда теңіз апаты кезінде болған залалды қаржылай өтеуді кепілдендіру бойынша кеме иесінің және жүзгенде туы көтерілген мемлекеттің міндеттері бекітілген, - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.
Құжатты ратификациялау қажеттілігі Каспий теңізінде кеме қатынасының артуына байланысты туындап отыр. Бұл ретте, Қазақстан - негізгі жүк құраушы мемлекет. Каспий теңізінде жалпы жүктің 31 пайызы Ақтау және Құрық порттарында тиеледі. Сонымен қатар, 2020 жылы Иранның Каспий жағалауындағы порттарымен жаңа автомобиль-паром қатынасы ашылды және тұрақты контейнерлік желі іске қосылды.
Жалпы алғанда, 2025 жылға қарай Қазақстанның порттары арқылы жүк көлемін 10 млн тоннаға дейін (2020 жылы – 5,4 млн тонна) жеткізу жоспарланып отыр, - дейді министр.
Оның айтуынша, осы жағдайда порттарға кіретін кемелер саны екі есеге ұлғаяды. Тиісінше теңіз апаттарының болу тәуекелі артады. Конвенцияны ратификациялау теңіз апаттары болған кезде Қазақстанның мүдделерін қорғау үшін қажетті жағдайлар жасайды.
Біріншіден, еліміздің суларына кіретін кеме иелерінің өз жауапкершілігін сақтандыру немесе суға батқан кемені алып шығару міндетін белгілейді. Бұл Қазақстанға кемені көтеру шығындарын өтеуді тікелей сақтандыру компаниясынан талап етуге мүмкіндік береді. Екіншіден, туын көтеріп жүзетін мемлекеттің теңіз әкімшілігінен кемені көтеру және апат салдарын жою міндеттерін орындауды сақтандыру туралы куәлік түрінде кепілдік алады. Үшіншіден, теңіз апаты болған жағдайда Қазақстанның теңіз әкімшілігінің, кеме иесінің және шетелдік кеменің теңіз әкімшілігінің іс-қимыл тәртібін анықтайды,- деді Б. Атамқұлов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда Еуразиялық одаққа қатысты тағы бір заң қабылданды
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы