2 Тамыз 2023 2023, 23:50 Фото: Қарақия ауданының әкімдігі

Каспийде балықшылар жоғалып кеткен ер адамның денесін тапты

Каспий теңізі жағалауында жоғалып кеткен 36 жастағы ер адам бірнеше күн бойына іздестірілді. 1 тамызда оның денесін балықшылар тауып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Каспий теңізі жағалауында жоғалып кеткен 36 жастағы ер адам бірнеше күн бойына іздестірілді. 1 тамызда оның денесін балықшылар тауып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан, ауыл әкімдігінің қызметкерлері және ерікті жастар, ауыл тұрғындары мен балықшылар және із-түзсіз жоғалған азаматтың туыстары да жұмылдырылды.

30 шілдеден бастап Құрық ауылынан 7 шақырымдағы Каспий теңізінің жағалауында ТЖД-ның жедел-құтқару жасағының күшімен балық аулау кезінде жоғалып кеткен 1987 жылы туған азаматты іздеу жұмыстары жүргізілді. Ер адамның мәйіті 1 тамызда сағат 11:50 шамасында жергілікті балықшылар тауып алды, - деп жазылған Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінде.