Каспийде балық аулауға шыққан адамдар құтқарылды
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД мен шекара қызметінің адамдары қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 сәуірде Түпқараған ауданының Қызылөзен аулынан 20 км жердегі Саура шатқалында Каспий теңіз жағалауынан 15 км жерде үрмелі қайықпен балық аулауға шығып, өз еріктерімен жағалауға жете алмаған екі азамат құтқарылды.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД және шекара қызметінен 22 қызметкер, 2 бірлік техника және 4 жүзу құралы жұмылдырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы тауларында блокбекеттер қойылды
Келесі жаңалық
Іле Алатауы тауларынан жасөспірім құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы