Каспийде әскери теңізшілер жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан әскерінде ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасымен өтіп жатқан тексеріс аясында Каспий теңізінің акваториясында Әскери-теңіз күштерінің кемелер тобы әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл тәжірибелік іс-қимылға «Қазақстан», «Орал», «Сарыарқа», «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық корабльдері, «Алатау» мина-тралдық кемесі, «Жайық» гидрографиялық кемесі, жылдам жүретін қайықтар мен катерлердің жауынгерлік жүзушілер жасағы тартылды. Маневрға барлығы 600-ге жуық матрос, оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер де қатысуда.


Арнайы әскери операциялар кезінде Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіздегі экономикалық қызмет нысандарын күзету және оларды қорғау ұйымдастырылды, жағалаудағы құрлық әскерлерінің іс-қимылын қолдау қамтамасыз етілді. Плацдармды басып алу және оған оқ жаудыру үшін тактикалық теңіз десанты түсірілді. 

Авиация, зымыран күштері және артиллерия бөлімшелері бірлесе отырып, теңіз жағалауына түсірілген десантқа қарсы қорғанысты ұйымдастыру тапсырмаларын пысықтады.

 

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы