10 Наурыз 2024 2024, 21:19

Каспий жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Өрт 9 наурыз күні сағат 18:30-да ауыздықталып, 10 наурыз күні сағат 11:00-де 2500 гектар аумақ толық сөндірілді. Қамыс өртенуінен болған өртті сөндіруге 60-қа жуық адам, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардың 21 техникасы жұмылдырылды, - деп жазылған министрлік хабарламасында.