Каспий жағалауындағы өрт сөндіру жұмысы жалғасып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында Каспий жағалауындағы қамыс өртін сөндіру жалғасып жатыр.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 мамырда қамыс өртін cөндіру үшін Атыраудағы өрт сөндіру бөлімдерінен 13 қызметкер мен АЦ-6-40, Трэкол, Шерп, АСА-20 маркалы арнайы техникалар жұмылдырылған.

«Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8 тікұшағымен әуеден барлау жүргізу кезінде шамамен 10,6 гектар аумақта 6 өрт ошағы анықталды. Тікұшақтағы «ВСУ-5» құрылғысымен әуеден су шашылып, жіберу арқылы 4 өрт ошағы сөндірілді,– деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Департаментте өртті сөндіруге байланысты іс-қимылды үйлестіру үшін жедел штаб құрылған. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы