Каспий жағалауындағы өрт: 1000 га қамыс өртенді
2 наурыздан бастап Атырау облысы Құрманғазы ауданында Каспий теңізінің жағалауында Құрманғазы ауылынан 40 км жерде, Құрманғазы орманшылығы КММ аумағында 1000 га алаңда қамыс өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елді мекенге қауіп жоқ.
Ағымдағы жылдың 4 наурызда бастап әуеден барлау жүргізу үшін, ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.
Батпақты жерлерде 20 га аумақта қамыс өсімдіктерінің бықсуы орын алуда. Жалпы жанған аумақ көлемі 1000 га. Оның ішінде 200 га аумақ ТЖД күштерімен сөндірілген, ал 780 га аумақ өздігінен сөнгендігі анықталды.
Жануды жоюға Атырау облысы ТЖД, Құрманғазы орманшылығынан барлығы 37 адам, 1 техника, 4 мотопомпа, 3 моторлы қайық жұмылдырылды.
Жануды сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Айта кету керек, жердің сулы-батпақты болуы, жолдардың болмауы жануды сөндіруге қиындық тудырып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенаторлар Палата отырысының күн тәртібін бекітті
Өзгелердің жаңалығы