Каспий жағалауында 100-ден астам өлі итбалықтар табылды
Каспий теңізінің жағалауындағы Баутино ауылы мен Форт-Шевченко қаласы аралығындағы аумақта 100-ден астам өлі Каспий итбалығы табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Каспий эндемигінің жаппай қырылғаны туралы хабарлама Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығына 7 қараша күні сағат 19.30-да келіп түсті, содан кейін мамандар оқиға орнына барды.
Қазіргі уақытта жағалау сызығын зерттеу жалғасуда. Облыс әкімдігі мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті өлі итбалықтарды жинау үшін қызметкерлер мен көліктер бөлді.
8 қарашадағы (сағат 17:00) жай-күй бойынша бір-бірінен шалғай жерлерде орналасқан 101 өлі итбалықтардың өлі денелерітабылды. Бүгінгі күні итбалықтар неліктен қырылып қалған себептерін анықтау үшін тін үлгілерінің зертханалық сараптамадан өту мүмкіндігі анықталуда. Өйткені табылған жануарлардың денелері ыдырауға ұшыраған, - деп түсіндірді Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының директоры Әділхан Товасаров.
Қазіргі уақытта Орталық мамандары балық шаруашылығы комитетімен бірлесе отырып, неліктен итбалықтар су ортасынан шығарылған және тағы да өлі жануарларды табу мақсатында Каспий теңізінің басқа да аймақтарында барлау жұмыстарын жүргізуде.
Зертханалық зерттеулер үшін өлі итбалықтар табылған жерден су мен топырақ үлгілері де алынады.