Каспий теңізіне төнген қауіп: бір айда жарты миллиард зиян келді

2025 жылғы тамызда Каспий теңізінің акваториясында браконьерліктің 55 фактісі анықталды. Бір айда Каспийде браконьерлер келтірген зиян жарты миллиард теңгеге бағаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Lada.kz порталы ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, браконьерлерден тоғыз жүзу құралы, 21 шақырымнан астам ау және қармақ жабдықтары тәркіленген.

Заң бұзушылардан 240 дана, яғни 1 440 келі бекіре тұқымдас балық және 19 келі өзге де балық түрлері алынды. Алдын алынған залалдың жалпы сомасы 566 млн теңгеден асты, - делінген ҰҚК мәліметінде.

Бұл фактілер бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы