Каспий теңізінде жер сілкінді

Каспий теңізінің Әзербайжан бөлігі аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеді.

Орталық таратқан ақпаратқа сәйкес, жерасты дүмпулерінің магнитудасы 3,2-ні құрады. Жер сілкінісі жергілікті уақытпен 27 шілдеде сағат 05:46-да (Астана уақытымен 07:46) 68 шақырым тереңдікте болған. Эпицентр Гала станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 76 шақырым қашықтықта орналасқан, - делінген хабарламада. 

Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы