Каспий теңізінде жер сілкінді
Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Әзірбайжан ұлттық ғылым академиясына қарасты республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеді.
Мәліметке сәйкес, Каспий теңізінде жер сілкінісі таңертең болған.
Жер сілкінісі Ақтау уақыты бойынша сағат 09:22-де болды. Магнитудасы 4,0 балды көрсеткен. Эпиошақтың координатасы - 39.56 N, 49.57 E, - делінген ақпаратта.
Жер сілкінісінің ошағы 45 км тереңдікте болғаны айтылды.
Каспий теңізінің астындағы су дүмпуі соңғы рет 4 наурызда тіркелген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құрамында екі-ақ қазағы бар футбол командасын қазақстандықтар деп айтады - Әбдірахманов
Келесі жаңалық
Павлодар мұнай-химия зауыты сатыла ма?
Өзгелердің жаңалығы