26 Шілде 2026, 12:47
Фото: istockphoto.com
Каспий теңізінде жер сілкінді
Жерасты дүмпуі 20 шақырым тереңдікте тіркелді.
Каспий теңізінде магнитудасы 3,2 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Әзербайжан Республикасының Сейсмологиялық қызметі республикалық орталығының Жер сілкіністерін зерттеу бюросының мәліметінше, жерасты дүмпулері 26 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 03:04-те тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жарияланған жоқ.