Бүгiн 2026, 06:40
Фото: pexels.com
Каспий теңізінде магнитудасы 4,6 болатын жер сілкінісі болды
Бұл туралы Әзербайжан Республикалық сейсмологиялық орталығының Жер сілкіністерін зерттеу бюросы мәлімдеді.
Каспий теңізі акваториясында магнитудасы 4,6 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері Әзербайжанның жағалау аймақтарында сезілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Әзербайжан Республикалық сейсмологиялық орталығының Жер сілкіністерін зерттеу бюросы мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, жерасты дүмпулері 12 сәуірде, жергілікті уақытпен 22:46-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 18 шақырым тереңдікте орналасқан.
Дүмпулер Ленкоран қаласында сезіліп, шамамен үш баллды құраған.
Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Сейсмологтар жағдайды бақылауды жалғастырып жатыр.