Бүгiн 2026, 14:48
Фото: pexels.com
Каспий теңізінде екі ер адам суға батып кете жаздады
Ер адамдар бір күн бұрын сапбордпен серуендеуге шыққан.
Маңғыстау облысында теңізге барған екі ер адамның серуені құтқару операциясымен аяқталды.
ТЖМ мәліметінше, қатты ағыс ер адамдарды теңізге қарай алып кеткен.
Суда қауіпсіздік шараларын жүргізу кезінде ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Ақтау қаласындағы 4А шағынауданы маңында жағалаудан шамамен 500 метр қашықтықта көмек сұрап жатқан адамдарды байқап қалған.
Екі азаматтың да үстінде құтқару кеудешесі болған. Бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектесті.
Құтқарушылар оларды қайықпен жағаға жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.