Каспий теңізі жағалауындағы жартас құлады

Каспий теңізі жағалауындағы жартас соқпағы құлап қалды. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта тұрғындардың демалуына арналған аумақ тұтастай жабылған.

Аталған жартас жолы қалалық әкімдіктің балансында тұр. Жергілікті билік оны абаттандыру және күтіп ұстау жұмыстарына жауапты мердігер әлі анықталмағанын хабарлады. Ал жөндеу жұмысын жүргізетін компанияны анықтау үшін конкурс жарияланған.

Мердігер мекеме анықталғаннан кейін, жартас, соқпақ аумағын тексеріп, қауіп бар жерлер анықталып, жаяу жүргіншілер жолы жөнделетін болады. Қалпына келтіріледі, – деді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Бақтияр Мақсатов.

Мердігер тротуар жолдарының жай-күйі мен жарықтандыруды қадағалап отыруға міндеттеледі. Сондай-ақ жартас жолындағы тасты тексеру үшін мамандандырылған ұйыммен шарт жасасуы тиіс. Ал жартас соқпағының қирауына жағалауда салынып жатқан құрылыс себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақтау қаласы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы