Каспий теңізі жағалауына ағынды суларды ағызу дерегі бойынша шарасы алынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үстіміздегі жылдың 16 мамырында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде қала тұрғынының Каспий теңізіне қызғылт-сары түсті белгісіз сұйықтықтық төгілгендігі айтылған видеосы жарияланған болатын, деп хабарлады Маңғыстау облысы экология департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған орынға Маңғыстау облысы экология департаментінің экологиялық бақылау және зертханалық-талдамалы бөлімдерінің мамандарымен оперативті шығу ұйымдастырылды.
Нәтижесінде №13 Өрт сөндіру бекетінің техникалық цистернасы тесілгендігіне байланысты цистерна ішіндегі, өрт сөндіру гидранттарынан алынған 500л көлеміндегі су теңізге төгілгендігін анықтады. Шолу жүргізу барысында теңіз суының сынамалары алынды. Сондай-ақ №13 Өрт сөндіру бекетінің өкілдері аталған мәселе бойынша түсініктеме берді. Алдағы уақытта экология департаменті қолданыстағы заңнама сәйкес тиісті шаралар қабылдайды.