Каспий құбыр консорциумы өз жұмысын жалғастырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каспий құбыр консорциумы өз жұмысын жалғастыруы мүмкін.
Краснодар өлкелік соты КҚК жұмысын тоқтата тұру туралы шешімін 200 мың рубль айыппұлмен алмастырды.
Мәліметтер қаралып, тараптардың уәждерін тыңдаған апелляциялық сот аудандық соттың шешімін өзгертіп, «Каспий құбыр консорциумы - Р» АҚ-на 200 000 рубль мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды. Шешім заңды күшіне енді, - делінген telegram-дағы жазбада.
Еске салайық, бұған дейін сот экологиялық бұзушылықтарға байланысты Каспий құбыр консорциумының (КТК, Ресей мен Қазақстанның қатысуымен компания) қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған болатын.
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумы қызметінің уақытша тоқтап қалуына байланысты жедел кеңес өткізгені туралы жазғанбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елена Рыбакина федерация сыйақысын алудан бас тартты
Өзгелердің жаңалығы