Каспий құбыр консорциумының қуаттылығы болашақта 800 млн тоннадан асады – Новак
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новак Каспий құбыр консорциумы қатысушыларының акционерлер келісімшартына қол қойылуының 25 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте айтты.
Ресей Федерациясы үшін бұл жоба ерекше мәнге ие. Ол энергетика және көліктік әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін ол ұлттық экономиканы дамытатын негізгі қозғаушы күштің біріне айналды. Әлемдік энергетикалық нарыққа шығуға жол ашқан тиімді тиімді экспорт бағытына айналды. Ширек ғасырда «Тенгиз – Новороссиск» мұнай құбыры арқылы 750 млн тонна мұнай тасымалданды, - деді ол.
Ол атағандай, жаңа кен орындарын табудың әлеуеті зор.
Қазақстан және Ресей президенттерінің қолдауымен Каспий құбыр консорциумы бүгінде одан әрі дамуға арналған ауқымды бағдарламаларды жүзеге асырып отыр. Жақын арадағы болашақта құбырдың қуаттылығы 800 млн тоннадан асады. Бұл – әлемдегі ең ірі көпжақты экономикалық ынтымақтастықтың көпірі. Энергетикалық компаниялар арасында консорциум қоршаған орта мен еңбек, өнеркәсіптік қауіпсіздікке ерекше көңіл бөледі, - деді ол.
Новак айтқандай, консорциумның қауіпсіздік мәдениеті 25 үздік мұнай және газ өндіретін компаниялар қауымдастығына енуге мүмкіндік берді.
Консорциум қызметі жоғары экологиялық стандарттарға тең. Мерейлі мерекемен құттықтай отыра КҚК көпұлтты ұжымына жобаларды жүзеге асыруға сәттілік тілеймін. Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустиннің атынан көршілес, бауырлас елдердің ынтымақтастығына табыс тілмеймін, - деді Новак.