Kaspi қосымшасы онлайн бақылау-касса аппараты ретінде қолданылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Kaspi банк қосымшасын онлайн бақылау-касса аппараты ретінде қолдану мүмкін болмақ. 

Бұл туралы қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

Қазіргі таңда қаржы министрі Ұлттық банкпен және Kaspi банкпен келіссөздер жүргізіп жатыр. 

Расында, қазіргі таңда Kaspi Gold арқылы төлем жасау кеңінен қолданылатын механизм болып отыр. Бір жағынан "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заң талаптарына осы механизм сай келеді. Алайда, Салық кодексі мен фисқализацияға сәйкес келе бермейді. Бұл операциялар тіркелмейді. Бұл мәселені көтеріп, Kaspi банк-пен талқыладық. Мұндай төлемдердің қолма-қол екенін және оны бақылай алмайтынымызды түсіну керек. Салық органдары үшін тиімді механизм болып отыр. Десе де, Kaspi-банкпен жұмыс істеп жатырмыз. Жақын уақытта банк бизнеске тегін және ыңғайлы болатын, онлайн бақылау-касса аппараты ретінде қолданылатын шешім әзірлеп шығарады, - деді вице-министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы