Kaspi.kz клиенттерін қолдау бағдарламасы іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Михаил Ломтадзе өзінің ресми Youtube арнасында компания клиенттеріне үндеуі жарияланды. Kaspi.kz басшысы Kaspi клиенттері  қосымша қандай қолдау алатыны туралы айтты.

Kaspi.kz миссиясы "Сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсарту". Біз жұмысымызда "Біздің клиенттерімізге жақсы, қазақстандықтарға жақсы болса, Kaspi-ге  де жақсы", деген маңызды принципті басшылыққа аламыз. Сондықтан қаржы реттеушісінің шараларына қосымша біз клиенттерді қолдаудың  жеке бағдарламасын іске қосамыз, жұмыссыз қалып, уақытша қаржылық қиындыққа тап болған клиенттерге ай сайынғы  төлемді  2 айға шегереміз – деді ол.

Сонымен қатар ол клиенттерді қолдау бағдарламасына қалай өтінім беру керектігін түсіндірді.

Өтінімді Kaspi.kz қосымшасында 2 сәуірден бастап беруге болады.  Клиенттеріміз ешқайда шықпау үшін ұялы қосымшада жасадық.  Сондай-ақ, сіздерден 3 маңызды нәрсеге назар аударуды сұраймын. Біріншіден, бағдарламаға қатысу үшін төленбеген қарызы болмауы керек. Екіншіден,  18 наурызға дейінгі алынған займдар бойынша ғана төлемдер шегеріледі. Өтінемін, қаржылық жағдайларыңызды нашарлатпаңыздар. Егер кірістеріңіз міндеттемелеріңізді қайтаруға жетпесе қазірден, бүгіннен бастап жаңа қарыз алмаңыздар.  Үшіншіден, бағдарлама аясында төлемі кейінге шегерілген адамдар қаржылық жағдайы жақсарғанша жаңа кредит ала-алмайды. Біз мұны бірінші кезекте клиенттерге қамқорлық жасау және олардың қаржылық жағдайының нашарлауын болдырмау  мақсатымен жасап отырмыз – деді Михаил Ломтадзе.

Біз мемлекетпен, Қазақстан халқымен біргеміз  және қазіргі қиындықтарды бірге жеңуге көмектескіміз келеді – деген банк басшысы бұл бірінші немесе соңғы сынақ емес екенін айтты.

Біз кез-келген қиын сәтте сүйікті клиенттерімізге барынша қамқорлық жасауға тырысамыз. Kaspi.kz командасының және жеке өз атымнан барлық қазақстандықтарға денсаулық тілеймін. Өздеріңізді, жақындарыңызды қорғаңыздар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының барлық ұсыныстарын орындаңыздар және қолма-қол ақшаны барынша аз қолданыңыздар. Олар да вирус тасымалдаушы. Сатып алу мен төлемді  Kaspi Gold картасы мен біздің Kaspi.kz  қосымшасы арқылы жасаңыз. Бізбен бірге болғандарыңыз үшін рахмет! – деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы