Кәсіпорындарға мемлекеттік ынталандыру ретінде 179 млн теңгеден астам қаражат төленді

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы отандық кәсіпорындардың 179,7 млн теңгеге шығындарының бір бөлігін өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәлімдеуінше, аталмыш кезеңде орталыққа кәсіпорындардан мемлекеттік ынталандыру шараларын алу үшін 130 өтінім келіп түскен.

Айтап айтар болсақ, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеуге 83 өтінім түсіп, бұл бағыт бойынша өтелген қаржы сомасы 176,9 млн теңгені құрады. Өтінімдердің басым бөлігі Қарағанды облысының (25) және Астана қаласының (13) кәсіпорындарынан түскен. Салалық бөліністе бұл агроөнеркәсіптік кешен (тамақ және сусындар өндірісі) және құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар.

Тауарлар мен қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету бағыты бойынша 47 өтінім түскен. Оларды қараудың нәтижесінде өтелген қаражаттың жалпы сомасы - 2,8 млн теңгені құрады. Өінімдер бойынша елорда өндірістері және салалық тұрғыдан - машина жасау кәсіпорындары белсенділік танытты.

QazIndustry-де шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінімдерді қабылдау жыл бойы жүргізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Өзгелердің жаңалығы