Кәсіпорындардағы орташа жалақы қанша

2022 жылдың қорытындысы бойынша орташа жалақы 310 мың теңге (І тоқсан – 285 мың тг, ІІ тоқсан – 312 мың теңге, ІІІ тоқсан – 300 мың тг, ІV тоқсан – 339 мың тг), деп хабарлады BAQ.KZ. 

2021 жылмен салыстырғанда орташа жалақы мөлшері атаулы мәнде 23,8%-ға, нақты мәнде 7,6%-ға өсті.

2021 жылмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең көп өсімі құрылыс – 38,6%, көлік және қойма – 32,4%, тұру және тамақтандыру қызметтерін көрсету – 32,2% салаларында байқалды. Өсімнің ең азы денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 9,8%, бұл 2021 жылы ковид бойынша қосымша төлемдердің беруліумен байланысты, - делінген Ұлттық статистика бюросы таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Ұлттық статистика бюросы ірілендірілген 9 топ бойынша жалақы мөлшерін есептеп, жариялайды:

- Басшылар;

- Кәсіби мамандар;

- Техник мамандар және басқа да кәсіби көмекші персонал;

- Әкімшілендіру саласындағы қызметшілер;

- Қызмет көрсету және сауда саласындағы қызметшілер;

- Фермерлер және ауыл мен орман шаруашылығының, балық шаруашылығының және балық аулау жұмысшылары;

- Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа тектес қызметтердің жұмысшылары;

- Өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылары және жүргізушілері;

- Біліктілігі жоқ жұмысшылар.

2022 жылы экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы

Экономикалық қызмет түрлері            Орташа еңбекақы, теңге Басшы мен біліктілігі жоқ жұмысшы жалақсының ара қатынасы, есе

Барлығы

Басшылар

Біліктілігі жоқ жұмысшы

Барлық экономикалық қызмет түрлері бойынша  309 867

534 264

129 674

4,1

Ауыл, орман және балық шаруашылығы  190 086

407 043

144 255

2,8

Өнеркәсіп  418 811

868 644

183 578

4,7

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу  653 345

1 218 612

261 802

4,7

Өңдеу өнеркәсібі  349 930

807 016

181 751

4,4

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау  268 615

499 689

149192

3,3

Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет  189 274

350 550

146 564

2,4

Құрылыс  416 940

931 624

177 583

5,2

Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу  268 469

754 825

151 214

5,0

Көлік және жинақтау  386 787

635 155

200 296

3,2

Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету  272 811

925 790

185 410

5,0

Ақпарат және байланыс  436 980

834 312

199 456

4,2

Қаржы және сақтандыру қызметі  560 459

1 149 550

159 622

7,2

Жылжымайтын мүлікпен операциялар  228 393

324 464

150 463

2,2

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет  458 832

947 686

151 609

6,3

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет  308 465

982 759

186 407

5,3

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру  263 843

376 312

102 050

3,7

Білім беру  248 575

332 153

100 735

3,3

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету  249 834

409 166

140 062

2,9

Өнер, ойын-сауық және демалыс  185 040

273 183

96 016

2,8

Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну  292 656

403 060

124 928

3,2

2022 жылдың қорытындысы бойынша ірілендірілген топтар арасында орташа жалақының ең көп мөлшері басшыларда, ең азы біліктілігі жоқ жұмысшыларда болған. Мәселен, басшылардың орташа жалақысы (534 мың теңге) біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысынан 4,1 есе (129 мың теңге) асып түскен. Қаржы және сақтандыру қызметі саласындағы басшылық құрам мен біліктілігі жоқ персонал арасындағы еңбекақының айырмасы 7,2 есе, тиісінше 1 149 мың және 159 мың теңге. Сондай-ақ, осы екі қызмет тобы арасындағы еңбекақы жоғары айырмашылық кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында – 6,3 есе, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет бойынша – 5,3 есе байқалды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы