Кәсіподақтар елорданы көгалдандырумен айналысатын жұмысшылармен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев «Тұрғын-үй комуналдық шаруашылығы және құрылыс кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ құрамына кіретін «Астана-Зеленстрой» ЖШС жұмысшылары жергілікті кәсіподағының жұмысымен танысты. Бұл туралы Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы хабарлады.

Кәсіпорынның негізгі қызметі - елорданы көгалдандыру. Кәсіпорынның құрылу тарихы 1950 жылдан басталады. Кәсіподақ ұйымы құрылған күнінен бастап жұмыс істейді.

Серіктестікте 1 056 адам жұмыс істейді, оның 710-ы кәсіподақ мүшелері, бұл жалпы жұмысшылар санының 68%-ын құрайды. Кездесу барысында қатысушылар кәсіпорынның жұмысымен және еңбек жағдайымен танысты. «Астана-Зеленстрой» ЖШС бас директорының кеңесшісі Бибігүл Бектемісова мемлекеттік сатып алу процедурасы, қаланы көгалдандыру мен сақтаудың негізгі шараларын өткізу мерзімдері туралы айтты.

Кездесу барысында әлеуметтік әріптестік және қызметкерлерге лайықты еңбек жағдайларын жасау мәселелеріне баса назар аударылды. «Астана-Зеленстройда» 2020-2022 жылдарға арналған ұжымдық келісімшарт бар.


Жергілікті кәсіподақ төрағасы Рүстем Тоқходжаевтың айтуынша, кәсіподақ ұжымдық келісімшарт арқылы қосымша өтемақы және ынталандыру сыйақылары мен үстемелер сияқты жеңілдіктерді белгілеуге қол жеткізді. Мысалы, көлік құралдарының сынып жүргізушілері мен машинистеріне, бригада басшылығына және уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін жалақының 10-нан 25%-на дейін қосымша төлем жасалады. Сонымен қатар жасыл желектерді қорғау барысындағы зиянды еңбек жағдайлары үшін қызметтік жалақының 16% мөлшерінде қосымша төлем қарастырылған.

Кәсіпорындағы бонустар жүйесі ұлттық және мемлекеттік мерекелерге арналған сыйақыларды, нәтиже көрсеткіштері үшін сыйақыларды және қысқа мерзімде жұмыстың үлкен көлемін жүзеге асыруды, бір жылға арналған сыйақыны қарастырады. Соңғы 12 айда барлық қызметкерлердің жалақысы бірнеше есеге артты. Қызметкерлерге еңбекақы мен әлеуметтік төлемдер толық көлемде және уақытында төленеді, - деді кәсіподақ комитетінің төрағасы Рүстем Тоқходжаев.

Кәсіпорын барлық жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік санитария ережелері сақталады.

Кәсіпорын қызметкерлері арнайы киіммен және аяқ киіммен, құралдармен, алғашқы медициналық көмек қобдишаларымен, сүтпен, қорғаныс құралдарымен, техникалық құжаттармен толық қамтамасыз етілген. Сонымен бірге жаңадан қабылданған жұмысшыларға жұмыс барысы туралы егжей-тегжейлі түсіндіру өткізіледі.

Қызметкерлердің балалары үшін балалардың демалыс лагерьлеріне жолдамалар, Жаңа жылға сыйлықтар беріледі. Сондай-ақ жыл сайын кәсіпорын басшылығы кәсіподақ комитетімен бірлесіп, көпбалалы отбасыларға, аз қамтылған отбасыларға ақшалай, азық-түлік, киім-кешек, кітап түрінде әлеуметтік көмек көрсетеді.

Кәсіпорын өзінің ардагерлері-зейнеткерлерін, Ұлы Отан соғысының қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар туралы ұмытпайды, мекеме жыл сайын Қарттар күніне дастархан жайып, қаржылай қолдау көрсетеді.

Салалық кәсіподақтың Астана филиалының төрайымы Тілеулес Мадьярова кәсіпорындағы әлеуметтік-еңбек жағдайларын табысты әлеуметтік әріптестіктің жарқын мысалдарының бірі ретінде сипаттады. Сонымен бірге ол өзінің кәсіподақ жетекшісінің тиімділігін атап өтті.

Былтыр кәсіподақ көптеген жұмыс атқарды. Ұжымдық шарт толық көлемде орындалды. Бұған кәсіподақ құрамының екі еселенуі де дәлел бола алады, - деп атап өтті Тілеулес Мадьярова.

Өз кезегінде, салалық кәсіподақ төрағасы Құсейін Есенғазин еңбек ұжымына атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, елорданы көркейтуге коммуналдық қызмет өкілдерінің қосқан маңызды үлесін атап өтті.

Сала өкілдері қазақстандықтарды жылумен, электрмен, сумен тәулік бойы қамтамасыз етеді, көшелердің тазалығын бақылайды, тұрғын үй қорын басқарады және күтіп ұстайды. Салалық келісімде еңбекақы мен жұмыс кезінде қауіпсіздікке ерекше назар аударылған. Осы жылдың мамыр айында біз бірінші деңгейлі коммуналдық қызметкерлердің жалақысының өсуін қамтамасыз еттік. Сонымен қатар сала қызметкерлері күнін кәсіби мерекелер қатарына қосуға қол жеткіздік. Жаңа кәсіби мереке 16 сәуірге орайластырылған, өйткені дәл осы күні Қазақстанда күзгі-қысқы жылыту маусымы аяқталады және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды, - деп толықтырды Құсейін Есенғазин.


ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев кәсіподақ мүшелеріне бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы аясында өткізілген «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясының мақсаттары мен міндеттері туралы айтты.

Акция аясында күн сайын біз еңбек ұжымдарымен кездесеміз. Кәсіподақтар федерациясы бастауыш кәсіподақ мүшелерінің ұсыныстарын жинайды. Біз барлық мәселелерді тиісті деңгейлердегі әлеуметтік әріптестерге жеткізу үшін жүйелендіруге, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерге тиісті түзетулер енгізуге ниет білдіреміз, - деді Нұрлан Өтешев.
Өз кезегінде «Астана-Зеленстрой» ЖШС-нің жұмысшылары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қарапайым жұмысшылардың мүдделерін қорғау үшін қабылдаған шараларының маңызды екенінатап өтті. Жылыжай жұмысшысы Бақыт Здорова кәсіподақ комитеті мен «Астана-Зеленстрой» ЖШС басшылығына ризашылығын білдірді.

1998 жылдан бастап кәсіпорында қойма меңгерушісі болып жұмыс істеймін, ал зейнеткерлікке шыққаннан кейін сүйікті кәсібімді тастай алмай, қазір жылыжайда жұмыс жасаймын.2021 жыл мен үшін өте қиын жыл болды - мен өзіме қымбат үш адамнан айырылдым. Мені осындай қиын сәтте қолдағаны үшін біздің кәсіподақ комитеті мен басшылығына алғысымды айтамын, - деді ол.

«Астана Зеленстрой» ЖШС жүргізушісі Атымтай Балтабай тұрғын үй мәселесін шешуге көмек сұрады. Мен «Астана-Зеленстройда» 16 жыл бойы жұмыс істеп келемін, көпбалалы әкемін. 2016 жылы маған отбасыммен бірге тұратын қала әкімдігінің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй бөлінді. Болашақта оны жекешелендіруге сене аламын ба?» деп сұрады Атымтай Балтабай.

Мәселе ҚРКФ-ның құзыретіне жатпайтынына қарамастан, Нұрлан Өтешев уәкілетті органға ұжымдық түрде шығуды ұсынды және өз тарапынан Кәсіподақтар Федерациясы жұмысшылардың үндеуін қолдайды деп сендірді. Жалпы ол жергілікті кәсіподақ ұйымының жұмысын жоғары бағалап, жұмысшыларға үлкен еңбектері үшін алғыс айтты.

Қаланың гүл бақтары - елорданың айрықша белгісі. Бұл кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің жақсы үйлестірілген жұмысы. Кәсіби шеберлік, жауапкершілік бен адалдықтарыңыз үшін рақмет, - деді федерация төрағасының орынбасары.

Еске сала кетейік, ҚРКФ 2021 жылды Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай, ақпан айынан бастап «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы басталды. Акция ҚРКФ басшылығының, Парламент Мәжілісі депутаттарының, мүшелік ұйымдар мен еңбек ұжымдарының өкілдерінің қатысуымен бастауыш кәсіподақ ұйымдарын аралауды көздейді. Мұндағы мақсат әр бастауыш ұйыммен кездесіп, өзекті мәселелерін анықтау, озық тәжірибелермен алмасу және аймақтық кәсіподақ белсенділеріне қолдау көрсету.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы