Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 686 мыңнан астам адам қатысты

Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 686,2 мың адам қатысты. 488,2 мың адам жұмысқа орналасты, оның 292,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, субсидияланатын жұмыс орындарына 195,9 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 17,3 мың адам, жастар практикасымен 32,9 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 120,6 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 9,5 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 485 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 15,1 мың адам жұмыспен қамтылған.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 45,1 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 41,2 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 131,9 мың адам қамтылды, оның ішінде 98,3 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 134,1 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, 2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан 9102 грант берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Өзгелердің жаңалығы