Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 68,2 мыңнан астам адам қатысты
1 ақпандағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 68,2 мың адам қатысты. 55,9 мың адам жұмысқа орналасты, оның 17,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 38,7 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 2,4 мың, жастар практикасымен 1,3 мың, қоғамдық жұмыстармен 33,4 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 365 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 17 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 670 адам жұмыспен қамтылды.
Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 2 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 1,7 мыңы оқуды аяқтады.
Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 10,3 мың адамды қамтыды, оның ішінде 7 мың адам сертификат алды.
Сонымен қатар, қызмет саласын таңдау мақсатында 10,4 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 101 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Өзгелердің жаңалығы