Кәсіпкерлік ісін негізгі пәндердің бағытына енгізу тиімді болар еді – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы жастарға арналған «3.2.1. Старт» әлеуметтік жобасының жеңімпаздарын анықтау рәсімінде Мәжіліс депутаты Елдос Абақанов айтты.

Жастар арасында бизнесті бастауға арналған әлеуметтік жобалар көп болса, ТДМ бойынша жобаларды бастауға ынталандыру көп болса, көптеген мәселенің басы ашылатын еді. Сонымен қатар осындай жобалар аясында жастарды кәсіпкерлікке оқытудың да маңызы зор. Қазір жастар арасындағы кәсіпкерлік дамып келеді.  «Бастау-бизнес», «3.2.1. Старт» сынды жобалар жастардың идеяларын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік береді,- деді ол.

Абақанов айтып өткендей, оқыту, семинарлар аясында жастардың бизнес туралы түсінігі де нақтылана түседі.

Әрбір байқау жастардың жобаларын жетілдіре түсіп, соңында олар жеңімпаз атана алады. Қазір мектептерде де кәсіпкерлік негіздерін оқытпайды. Меніңше, ол негізгі пән ретінде оқытылуы керек. Әрине, кәсіпкер атану барлығына жазбаған. Алайда әлеуеті ашылатын жастар да аз емес. Олар әртүрлі оқыту мен жобаларды жүзеге асыру барысында шыңдалады. Кәсіпкерлік негіздерін арнайы бағыт ретінде оқытса тиімді болар еді,- деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы