Кәсіпкерлерге арналған бөлек салық қосымшасы іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кәсіпкерлерге арналған бөлек салық қосымшасы іске қосылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтты.

Оның айтуынша, кәсіпкерлік субъектілерге арналған «E-Salyq Azamat» қосымшасынан бөлек функциясын іске қосу жоспарланған.

Қазіргі күні қосымша дайындалып жатыр. Ол іске қосылғанда шағын және орта кәсіп ашушылар сол жерде тіркеліп, түрлі анықтамаларды сол қосымшадан алатын болады. Жеке кәсіпкерлікті де сол жерде жабу, түрлі есептерді де қосымша арқылы тапсыру мүмкіндіктері қарастырылады. Салық төлеушілер шатаспау үшін оны бөлек ашуды жөн көрдік. Ол осы жылдың екінші жартысында іске қосылады деп жоспарланған. Бұл да бір жаңынан жемқорлық фактілерінің алдын алу болса, екіншіден - салық төлеу мен іс жүргізу процестерін жеңілдетуді көздейді, - деді Жайдар Іңкәрбаев.

Бұған дейін ол «E-Salyq Azamat» қосымшасының тиімділігі туралы айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы