Кәсіпкерлердің 87 млн теңгесін күштеп тартып алған қылмыстық топ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, «А» арнайы мақсаттағы қызметін қатыстырумен аса қауіпті трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты қолға түсірді. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Тексеру кезінде 2020 жылғы қазан-қарашада топ мүшелері Ақтөбе қаласына Беларусь және Қазақстан кәсіпкерлерін алдап шақырып, психологиялық және күшпен қысым көрсетіп, кәсіпкерлердің 87 млн теңгесін тартып алған.Күдіктілер Мәскеу қаласынан ірі инвестициялық компанияның басшысын шақырып, осыған ұқсас жолмен 500 мың АҚШ долларын иемденуді жоспарлаған. Бірақ жоспарлары жүзеге аспай, топты басқарған Қазақстан азаматы мен 4 белсенді мүшесі – Ресей Федерациясының азаматтары ұсталды. Тінту барысында 3 Калашников автоматы, электршокерлер, бетперделер, банк карталары, ұялы телефондар мен қылмыс жасаудың басқа да құралдар-жабдықтары табылып, алынды, – деп жазылған ҰҚК хабарламасында.Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 264-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы