Кәсіпкерлер зиянды қалдықтарды дұрыс сақтамағаны үшін бас бостандығынан айырылады
Қостанай облысының Табиғат қорғау прокурорлары қауіпті медициналық қалдықтардың заңсыз сақтаған қойманың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Талдау барысында "А" ЖШС қауіпті медициналық қалдықтарды шығару және кәдеге жарату жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алудың 7 рәсімі бойынша жеңімпаз деп танылғаны анықталды.
ЖШС-нің кәдеге жарату қуаты Астана қаласының маңында орналасқандықтан, жосықсыз мердігер оларды заңда көзделгендей әр 3 күн сайын өзінің кәдеге жарату объектісіне апармай, оларды Қостанай қаласында заңсыз қоймаға сала бастаған, - делінген хабарламада.
Қауіпті қалдықтардың жинаған кезде қарапайым қауіпсіздік талаптары сақталмаған.
Сонымен қатар кәсіпорын елордаға қауіпті жүктерді тасымалдау үшін арнайы көлік емес, мобильді қосымша бойынша жалға алынған кәдімгі жүк көлігін пайдаланған, - Қостанай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы.
Осы факт бойынша Қылмыстық кодексінің 332-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.