Кәсіпкерлер енді контрагенттерін онлайн тексере алады

Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа Салық кодексіне сай тәуекелдерді бағалау жүйесін жаңартып, кәсіпкерлерге контрагенттерді онлайн тексеруге мүмкіндік беретін сервис іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Контрагенттер бойынша мәліметтер» арқылы компанияның салық режимі, ҚҚС тіркеуі, төленген салықтары, қызметкерлер саны, жүктеме коэффициенті, басшылары, құрылтайшылары және ЭШФ бойынша шектеулер сияқты деректерді көруге болады.

Порталда БСН/ЖСН енгізгенде, ақпарат бірден шығады. Сервис кәсіпкерлердің сұранысына қарай әрі қарай да жетілдіріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы