Кәсіпкер: Вируспен ауырған таныстарымның саны күрт артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауруханалар толы, дәрігерлер жетіспей жатыр, жедел жәрдем өте ауыр жағдай болмайынша, келмейді. Қысқасы, біз қорыққан денсаулық сақтау жүйесінің жаппай күйреуі орын алды, деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында танымал отандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембай.

Коронавируспен ауырған таныстарымның санының күрт артуына байланысты, қалай болғанда да, барлығымызға немесе басым көпшілігімізге ауырып шығуға тура келеді деген қорытындыға келдім. Осы арада бірден эпидемиологтардың "эпидемия кем дегенде популяцияның 60%-ы ауырып шықпай, басылмайды" деген сөздері еске түседі, - дейді ол. 

Оның айтуынша, ауруханалар толы, дәрігерлер жетіспей жатыр, жедел жәрдем өте ауыр жағдай болмайынша, келмейді. 

Қысқасы, біз қорыққан денсаулық сақтау жүйесінің жаппай күйреуі орын алды. Осыдан мынадай заңды сұрақ туады: медицинаның күйреуі ақыры орын алса, эпидемия бәсеңдегенше, бәрібір, барлығымызға ауырып шығуға тура келетін болса, карантиннен не пайда? Қаншама ресурс жұмсалды, бастысы – экономикамыз толықтай тұсауда, оны қайта қалпына келтіру үшін әлі қанша шығын кетеді. Бұл кінә тағу емес, бұл болашақта дұрыс шешімдер қабылдау үшін жауабын қазір алатын сұрақ, - деді Марғұлан Сейсембай.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы