Кәсіби спорт федерацияларын қолдау қажет – Көлгінов


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімінің спорт федерациялары басшыларымен кездесуі барысында бірқатар мәселелер, соның ішінде спортшыларды спорт нысандарымен, спорттық медициналық мекемелермен киім-кешекпен қамту мәселесі талқыланды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала тұрғындарына спортпен шұғылдану үшін қолайлы жағдай жасай отырып, кәсіби федерацияларды да қолдау қажет. Спорт федерацияларының басшыларымен кездестім. Бұл жеңіл атлетика, велосипед спорты, үстел теннисі, тхэквондо, шайбалы хоккей, футбол, баскетбол, каратэ-до және шығыс жекпе-жегі, садақ ату, арбалет және дартс, гандбол. Бірқатар мәселелер, соның ішінде спортшыларды спорт нысандарымен, спорттық медициналық мекемелермен киім-кешекпен қамту талқыланды. Спортшыларды даярлауда дайындық орны мен жабдықтар үлкен рөл атқарады. Жақында ашылған жеңіл атлетикалық манеж заманауи базада бірнеше мықты әрі табысты атлетті дайындап шығаруға мүмкіндік береді. Қалада спорт нысандары жеткілікті, спортшылар жаттығу үшін спорт нысандары базасында қосымша сағаттар бөлеміз. Қала аудандарында спортпен айналысуға жағдай жасау үшін төрт ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Көтерілген мәселелер жоспарға алынды, - деп жазды Алтай Көлгінов.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы