Кашмирде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістанға қарасты Кашмир аймағында жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 37-ге жетті, деп хабарлады Хабар24.
Бұған дейін 22 адамның көз жұмғаны туралы хабарланған еді. Тағы 500-ге жуық адам түрлі жарақат алды. Олардың барлығы ауруханаға жатқызылған. Жергілікті билік табиғат апатының құрбандары әлі де артуы мүмкін дейді. Өйткені зілзаладан зардап шеккендердің жағдайы өте ауыр. Айта кетсек, кеше Пәкістанда қуаты 5,8 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы Лахора қаласынан 170 шақырым қашықтық жерде тіркелген. Жерасты дүмпуінің қуатты болғаны соншалық ол көршілес Үндістан елінде де сезілген.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында тағы бір ер адам құлдықтан құтқарылды
Келесі жаңалық
Ерлан Қарин: 2025 жыл еліміз үшін табысты болды
Өзгелердің жаңалығы