31 Тамыз 2020 2020, 13:20
Кашмирде Үндістан мен Пәкістан әскері арасында атыс болды
Алматы, BAQ.KZ. Атыс кезінде Үндістан армиясының кіші офицері қаза тапқан. Бұл туралы Cиньхуа агенттігі хабарлады.
Алматы, BAQ.KZ. Атыс кезінде Үндістан армиясының кіші офицері қаза тапқан. Бұл туралы Cиньхуа агенттігі хабарлады.
Кашмирдің Наушера бақылау бекетінде екі тарап бір-біріне оқ ақтан. Бұл жер Кашмирдің Үндістан бақылауындағы Срингар қаласынан 222 шақырым жерде орналасқан.
2003 жылғы оқ атпау жөніндегі келісімге қарамастан бұл жерде атыс жиі болып тұрады. Нью-Дели мен Исламабад себепсіз оқ атпауға келіскен болатын. Алайда әр атыс болған сайын тараптар бір оқ атуға келесі жақ себепші болғанын мәлімдеумен келеді.