Бүгiн 2026, 19:35 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

KASE: Доллар қымбаттады, еуро арзандады

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы.

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 13 сәуірдегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша шетел валюталарының бағамдарында әртүрлі бағыттағы өзгерістер тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Доллардың орташа сараланған бағамы 1,71 теңгеге артып, 474,90 теңгені құрады.

Еуро 4,9 теңгеге төмендеп, 553 теңгеге дейін арзандады.

Ресей рублі 0,06 теңгеге нығайып, 6,21 теңгеге дейін көтерілді.

Қытай юанының бағамы өзгеріссіз қалды - 69,40 теңге.

Айырбастау пунктерінде доллар 473,2-475,5 теңге, еуро 552,8–559 теңге, рубль 6,12–6,25 теңге аралығында сатып алынуда және сатылуда.

Еске салайық, бұған дейін АДБ сарапшысы Қазақстан экономикасына әсер ететін негізгі факторларды атады.