Қаржының 70%-ы тарихи, патриоттық картиналарға бағытталмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы кітапханалардың небары 48 пайызы интернетпен қамтылған. Сол себепті ауыл-аймақтағы кітапханаларды ғаламтор желісімен шұғыл түрде қамтамасыз ету маңызды.

Премьер-министрдің орынбасары Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында осындай тапсырма берді.

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов  облыс әкімдеріне аймақтық театрлардың гастрольдік сапарларын реттеуді де тапсырды. 

Өнер қызметкерлерінің жалақысы 35-50 процентке көтерілгенімен, айлықтары әлі де аз. Мәселен, республикалық театр қызметкерлері 125 мың теңге алса, өңірлердегілердің күнкөрісі бұдан да төмен. 

Бұл ретте, Ералы Тоғжанов суретшілер мен гримерлер, техникалық мамандардың да жалақысын өсіру өзектілігін айтты. Бұдан өзге, отандық киноматографқа қатысты пікір білдірді. Енді кинематография саласына бөлінетін қаражаттың 70 пайызы тарихи, патриоттық картиналарға бағытталмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы