Қаржы вице-министр тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде жаңа вице-министр тағайындалды. Бұл қызметке Бахтияр Кожахметов келді, хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Бахтияр Дүйсенбайұлы Кожахметов 1985 жылы туған.

2007 жылы «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген;

2009 жылы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, біліктілігі «Ақпараттық жүйелер магистрі»;

2011 жылы – Карлов университеті, Прага қаласы, біліктілігі «Демография және демографиялық зерттеулер магистрі»;

2017 жылы – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, біліктілігі «Құқық бакалавры».

Еңбек жолын 2004 жылғы қаңтарда мемлекеттік емес секторда бастаған.

2005 жылдан 2012 жылдар аралығында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ түрлі қызметтер атқарды.

2012-2013 жылдар аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде басқарма басшысы.

2013-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымында болды.

2015ж-«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма басшысының орынбасары болып қызмет етті.

2015-2019 жылдары квазимемлекеттік компанияларда түрлі басшылық қызметтер атқарды.

2020 жылғы сәуірден желтоқсан аралығында «Зерде» ҰИХ АҚ Басқарма мүшесі-төрағаның орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы