Қаржы министрі бюджетті игермеген министрліктерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты.
Министр игерілмеудің негізгі себептерін атап өтті.Республикалық бюджет бойынша 9,9 трлн теңге шығыс болды. Атқарылмау 31 млрд теңгені, оның ішінде үнемдеу 7 млрд теңгені құрады. Игерілмегені - 24 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Мәдениет және спорт, Әділет, Төтенше жағдайлар министрліктерінде қалыптасты, - деді ол.
Игерілмеудің негізгі себептері: төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды ұсынбау, төлем нақты көрсетілген қызметтер көлемі үшін жүргізілген, орындалған жұмыстардың актілерін, шот- фактураларды уақтылы ұсынбау, - деді ол.
Жамаубаев жергілікті бюджеттердің шығыстары 5,2 трлн теңгені құрағанын айтты.
Оның айтуынша, ең көп игерілмеу Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы, Қызылорда, Түркістан облыстарында қалыптасқан.64 млрд теңге жұмсалмаған. Өңірлерге 2,5 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген.1 қыркүйекке оларға 1 трлн 358 млрд теңге бөлінген. Оның 98%-і игерілді. Жұмсалмаған – 26,5 млрд теңге, оның ішінде үнемдеу – 3 млрд теңге, игерілмегені – 23,5 млрд теңге, - деді ол.