Қарулы адам супермаркетке кіріп он адамды атып өлтірді

Алматы, BAQ.KZ. 22 наурыз күні АҚШ-тың Колорадо штатына қарасты Боулдер қаласында ер адам супермаркетке кіріп келушілерге оқ жаудырған. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Боулдер қаласының полиция басқармасының Twitter-де оқиға кезінде 10 адам қаза тапқаны, оның ішінде біреуі полицей екені жарияланды.

Куәегерлердің айтуынша, бейтаныс адам дүкенге кірісімен ондағы адамдарға аяқасты оқ атқан. Нәтижесінде сатып алушылар жан-жаққа қашып, жан тасалауға тырысқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер күдіктіні ұстап, қолына кісен салып әкеткен. Қарапайым адамдарға оқ атқан адамның неліктен мұндай әрекетке барғаны әлі анықталмады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы