Картоптың қымбаттауына жол берілмейді - әкімдік
Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов қаладағы картоп сақтайтын қоймаларда болып, қор мөлшерін қадағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
"Семей ӘКК" АҚ тұрақтандыру қоры "Агрофирма Приречное" ЖШС-мен картоп, қырыққабат, сәбіз, сарымсақ сияқты көкеністермен сауда нүктелерін тұрақты қамтамасыз ету үшін келісімшарт жасалған.
Ережеге сәйкес әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдері 2024 жылдың 1 қарашасы мен биыл мамырға дейін 10 супермаркет, тұрақтандыру қорының 9 сауда нүктесі мен 40-тан астам ұсақ дүкендерге келісі 115 теңгеден босатылуда.
Күн сайын қаланың барлық сауда нүктелеріне 12-15 тоннаға дейін көкөніс жеткізіледі. Қоймада қажетті қор жеткілікті.
Қазір қалада картоп бағасы 250-300 теңгенің арасында сатылуда. Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға қоймадан көкөністің үздіксіз жеткізіліп, бағаның қымбаттауына жол бермеу керектігіне байланысты тапсырма берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ертең ауа райы қандай болады?
Өзгелердің жаңалығы