Картопты қайта өңдейтін зауыт салуды талқыладық – Жұмағалиев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше біз картоп тұқымын шығаратын Solуnta компаниясының коммерциялық директоры Чарльз Миллермен кездестік. Кездесу барысында картоп тұқымын өндіру, картопты қайта өңдейтін зауыт салу, сондай-ақ супер элиталық картоп тұқымын одан әрі тарату мүмкіндіктерін талқыладық, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Қазақстанның Нидерландтағы елшісі Асқар Жұмағалиев.
Асқар Жұмағалиевтың сөзінше, жалпы, Нидерланды агроөнеркәсіптік секторды дамытуда жетекші ел болып табылады.Чарльз Миллер Solynta-ның гибридті картоптары органикалық, ГМО емес өнім екенін атап өтті. 25 грамм картоп тұқымы 2,5 тонна тұқым түйнектерін алмастыра алады. Басқаша айтқанда, көлік шығындары азаяды, үлкен қоймаларды қажет етпейді, әрі қарай экспорттауға мүмкіндіктер пайда болады. Компания қиын климаттық жағдайларда картоп өнімділігі гектарына 5-тен 25 тоннаға дейін арттырған мысалдарымен бөлісті, - деп жазды ол.
Бұған дейін біз жылыжай өндірушілерімен, мал шаруашылығы мен сүт өнімдерін шығаратын компаниялармен, және де өсімдіктерді қорғаудың биологиялық өнімдерін дамытатын компаниялармен кездестік. Егер сіз жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық танытсаңыз, кеңес алу үшін біздің әріптесіміз Улбосын Сарыбаева хабарлассаңыз болады, - деп жазды елші.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан бизнесмендерін бес елде қорғайтын заң қабылданды
Келесі жаңалық
Исламабадта Қазақстан – Пәкістан саяси консультациялары өтті
Өзгелердің жаңалығы