Картоп төңірегінде проблема жоқ: Астанада бір келісі 280 теңге

Елімізде картоп төңірегінде проблема шешімін тапты. Қазір елорда сауда орындарында келісіне 280 теңгеден сатылып жатыр. BAQ.KZ тілшісі Астанадағы сауда желілерінің біріне барып, ажиотаж басылғанын көріп қайтты.

Small сауда желісінің меңгерушісі Таңат Нұрсейітов қазіргі күні картоп тапшылығы жоқ екенін айтты.

Картопты сатып алу көлеміне 2 күнге шектеу қойдық. Себебі нарықта картоптың жоқтығынан қоймамызда бар арзан өнімді халыққа жеткізу үшін осындай шара қабылдадық. Екі күннен кейін бір адамға 5 келі деген шектеуді бірден алып тастадық, - деді ол.

Нұрсейітовтің сөзіне қарағанда, картоп төңірегінде ажиотаж басталғанда картопты қаптап алатындар қатары көбейіп кеткен.

Картопты қаптап алатындар көбейіп кетті. Біз бірнеше қап сұраса түсінер едік. Бірақ 20-30 қап сұрайтын сатып алушылар да болды. Әрине, қарапайым халық мұндай көлемде алмайтынын және оны көтерме саудагерлер алып жатқанын түсіндік. Сөйтіп біз бір адамға 5 келі деп шектеу қойдық. Қоймамызға 80 тонна картоп бар. Қазір ешқандай шектеу жоқ, - деп түсіндірді сауда желісінің меңгерушісі.

Қазір дүйсенбіден, яғни 20 қаңтардан бастап бұл дүкенде картоп келісіне 280 теңгеден сатылып жатыр.

Қазір картоп төңірегінде проблема жоқ. Бағасы 280 теңгеден. Енді сатып алушылар картопты қаптап та ала алады. Шектеу жоқ.

Дүкен картопты жергілікті жеткізушілерден алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы