Картоп бағасы неге қымбаттап кетті? - АШМ түсіндірді

Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова неге картоп бағасы қымбаттап кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сыртқы нарықта картопқа деген сұраныс өте жоғары. Бұл біржағынан ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін жақсы. Өйткені өз өнімдерін тиімді бағада сата алады. Алайда баға ішкі факторға әсерін тигізіп отыр. Яғни сыртқы нарықта жоғары сұраныс болғаннан кейін, ішкі бағада көтеріліп кетті. Бұл мәселені тұрақтандыру үшін картоп экспортына тыйым салынды, - дейді Хатепова Үкімет кулуарында.

Хатепованың сөзінше, еліміздің негізгі қалаларында картоп бағасы тұрақталып келеді.

Тұрақтандыру қорларынан қажетті қорларды тауарлық интервенция ретінде әлеуметтік дүкендерге және нарыққа шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда ірі өндіруші кәсіпорындарда 600 мың тоннадан артық картоп бар. Одан бөлек тұрақтандыру қорларында 68 мың тонна картоп қоймада жатыр. Ал ай сайынғы қажеттілік - 168 мың тонна. Бұл өнім мамыр айына дейін жеткілікті, - деді Ауыл шарушылығы министрлігінің өкілі.

Ол нарықтағы баға 200 теңге болуы керек дейді.

Былтыр желтоқсан айында ішкі нарықта картоп бағасы 200 теңге болды. Негізгі баға осы деңгейде болуы керек деп ойлаймын, - деді Хатепова.

Соңғы күндері дүкен сөрелерінде картоп бағасы күрт өсіп кетті. Бағаның бірден шарықтап кеткені халықты алаңдатып отыр. Мысалы, Астанада бір келі картоп бағасы 400 теңгеден жоғары. Кеше BAQ.KZ тілшісі қазақстандық картоп өндірушілерден қымбатшылыққа не себеп болып отырғанын сұрап көрген еді.

Айта кетейік, осыған дейін Экология және табиғи ресурстарды қорғау министрі Ерлан Нысанбаев Президент тапсырмасын кешіктірген екі өңірді атаған еді. 

Ал Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев неге Өскемен қаласының ауасы жылдан-жылға ластанып бара жатқанын түсіндірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы