Қарсыласынан жеңіліп қалған Макгрегор шулы мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UFC күрескері Конор Макгрегор бүгінгі өткен жекпе-жекте қарсыласы Дастин Порьеден жеңіліп қалған соң шулы мәлімдеме жасады. Бұл туралы UFC Russia парақшасында жарияланған бейнесұхбатта айтылды.
Комментатор Джо Роган Макгрегордан ұрыс аяқтала салысымен спортшыны зембілмен әкетпей тұрып, сұхбат алып үлгерген.
Мен оның бокста сазайын бердім, аяғын сындырдым. Әдеттегідей ол арақашықтықты қысқарту үшін аяққа секірді. Бұл соңы емес! Егер қажет болып жатса, октагонның сыртында шаруаны бітіреміз. Маған бәрібір! – деп айғайлады Макгрегор.
Ол сондай-ақ құлап түскен сәтте қандай сезімде болғанын айтты.
Сүйегім сынып қалды. Мен Андерсон Силва (UFC аңыз күрескері) секілді аяғыма тұрдым. Бұл барып тұрған құтырған бизнес, - дейді Макгрегор.
Естеріңізге сала кетейік, UFC 264 турнирінің басты жекпе-жегі Дастин Порьенің жеңісімен аяқталған болатын. Конор Макгрегор алғашқы раундта-ақ аяғын сындырып алды. Осылайша, техникалық нокаутпен жеңіс қарсыласына бұйырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы