Қарсақбайда 100 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр – Қарағанды облысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысындағы Қарсақбай кентінде «Жұмыспен қамту – 2021» жол картасы бойынша салынып жатқан 100 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы күзде аяқталады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Қарсақбай кентінде агротехникалық колледжді жөндеу жұмыстарының сапасын тексеріп, «Жұмыспен қамту – 2021» жол картасы бойынша салынып жатқан 100 орындық Дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылыс алаңында болдым. Күзге қарай спорт кешенін пайдалануға беруді тапсырдым, – деп жазды әкім.
Ал Ұлытау ауданында төрт көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Аудан орталығында төрт көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс алаңдарында болдым. Құрылыс жеке инвестициялар есебінен жүргізілуде. Тұрғын үйлер сатып алу құқығымен жалға берілетін болады.
Сондай-ақ аудандық орталық аурухана үшін жаңа ғимаратты салу жоспарлануда.
Қазір дәрігерлер бейімделген бұрынғы балабақша ғимаратында жұмыс жасауда. Нысанның құрылысына жер телімі бөлініп, ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жобаны қаржыландыру мәселесі шешілетін болады. Өздеріңіз білетіндей, облыста ауылдық жерлерде 32 фельдшерлік-акушерлік пунктті салу жоспарланған. Оның алтауы Ұлытау ауданының ауылдарында ашылады, – деген Жеңіс Қасымбек.
Сонымен қатар әкім бір уақытта 200 адамды қабылдай алатын «Сапар» орталығының жұмысымен танысқан.
Туристік әлеуетті дамыту үшін ҚР Мәдениет, туризм және спорт министрлігі салған «Сапар» орталығына бардым. Нысанда асхана, мәжіліс залы, қонақ үй орналасқан. Жалпы, орталық бір уақытта 200 адамды қабылдай алады. Сонымен қатар, «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің құрылыс алаңында болдық. Мұндағы жұмыстар 90% орындалды. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу, ауланы абаттандыру, көгалдандыру және инженерлік сыртқы желілерді қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары тамызда аяқталады.
Кешен Алтын Орда дәуірін зерттеуге арналған ғылыми орталық қана емес, сонымен қатар Ұлытаудың киелі орындарын, этно-ауыл, Жезқазған қаласының тарихи-археологиялық және тарихи-өндірістік мұражайларын байланыстыратын бірегей туристік маршруттың бір бөлігіне айналады, – деп жазды аймақ басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министр: Біздің мақсатымыз – орта және жеке қосалқы шаруашылықтар үшін инфрақұрылым құру
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы