Қарлы боран. 1100-ден астам көлік жолда қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 23 наурызда "Қазгидромет" РМК деректері бойынша 12 өңірде (Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан және СҚО) дауылды ескертулер жарияланды.

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола және Қарағанды облыстарының ТЖД дағдарыс орталықтарында жедел штабтар ашылды.

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, нашар көріну) республикалық автожолдардың 15 учаскесі және 7 өңірде: 

Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарында облыстық маңызы бар автожолдардың 24 учаскесі жабылды.

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола және Қарағанды облыстарындағы бекеттерде 1128 техника, оның ішінде 209 жүк және 919 жеңіл техника тұр.

ТЖМ аумақтық бөлімшелері сағат 18.00-ге 23.03. 275 жүк көлігі шығарылды.

Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, ЖАО және жол қызметтері барлығы 317 адам мен 219 техника жұмылдырылды.

Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 48 СМС-хабарлама жіберілді.

"Дәрмен" мобильдік қосымшасы арқылы 44 хабарлама жіберілді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы