Карлос Алькарас Уимблдон турнирінің чемпионы

Әлемнің 1-ракеткасы, 20 жастағы испаниялық Карлос Алькарас Уимблдон турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Испаниялық теннисші финалда әлемнің 2-ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарыстарының 23 дүркін жеңімпазы, 36 жастағы сербиялық Новак Джоковичпен кездесті. Тартысты өткен матч бес сетке созылып, Алькарас 1:6, 7:6 (8:6), 6:1, 3:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл – Карлос Алькарастың «Үлкен дулыға» додаларындағы екінші титулы.

Ол 2022 жылы АҚШ ашық чемпионатында үздік шыққан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: sport-express.ru
Өзгелердің жаңалығы