Кәріз қалдығын су қоймаларына ағызған «Жамбыл су» кәсіпорнына айыппұл салынды
Жамбыл облысында «Жамбыл су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны кәріз қалдығын екі су қоймасына заңсыз төккен, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар24»-ке сілтеме жасап.
Экологтар жоспардан тыс тексеріс барысында заң бұзушылықтарды анықтады. Мекемедегі олқылық сүзгі құралдарының толып кетуінен болған.
Арнайы мамандар жедел шығып, ағынды сулардың сынамаларын алды. Сынақ нәтижелері бойынша Көктем-1 және Көктем-2 су қоймаларының ластануы анықталды. Артық азот анықталған. «Жамбыл су» МКК-ға 1 млн 225 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, - дейді экология департаментінің сынақ зертханасының жетекшісі Джахангир Назарбеков.
Облыста қосымша 12 кәріз суы төгілетін орын салынды. Бірақ мамандар бұл проблеманы уақытша ғана шешеді әдіс дейді. Облыс орталығының барлық кәріз ағынынан шамамен 80 мың текше метр шайынды су күн сайын тұндырғыштарға, содан кейін сүзу алаңдарына түседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль иеленді
Өзгелердің жаңалығы