Карина Ибрагимова бокстан Олимпиада лицензиясын иеленді

Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында Карина Ибрагимова Олимпиада ойындарына бокстан алғашқы жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Карина Ибрагимова Азия ойындарының 1/4 кезеңінде моңғол спортшысы Намуун Монхорды 5:0 есебімен ұтып, жартылай финалға өтті. Сондай-ақ ол бокстан Парижге алғашқы жолдаманы жеңіп алды.

27 жастағы қазақстандық боксшы әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері, 57 келі салмақ санатында өнер көрсетеді.

Бүгін сонымен қатар Азия ойындарында Сағындық Тоғамбай алаң қожайыны Хан Сюэчжэньнен жеңіліп, қола медаль алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы