Кәрім Мәсімовті қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰҚК-нің тергеу тобы Мәсімов, Садықұлов, Ерғожинге қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Ұлттық Қауіпсіздік қызметі.
ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұловтың қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 шілдесіне дейін ұзартылды.
ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожинді қамау мерзімі 13 шілдеге дейін ұзарды.
Мәсімовке, Садықұловқа, Ерғожинге және басқа да тұлғаларға қатысты ҚК-тің 175-бабы, 1-бөлігі, 179-бабы, 3-бөлігі, 218-бап, 3-бөлігінің 3-тармағы, 362-бап, 4-бөлігінің 3-тармағы және 366-баптың 3-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Петропавл жылу электр орталығындағы құлаған мұржа сүріліп жатыр
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы